Биыл ауданның инфрақұрылым жүйесі жаңғырмақ.
Бұл бағытта Мақат кентіндегі бос тұрған әкімшілік ғимаратын қайта жаңғыртып, оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.
Яғни, қазіргі таңда бос тұрған әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына аиналдыру үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталған болатын.
Биыл аталған жобаға тиісті қаражат бөлініп, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Аталған нысанда мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін медициналық жабдықтар, жылыжай, құс бағатын орындар және атпен емдеу қызметтері көрсетілетін болады.
Бұл қайта жаңғыратын нысан аудан тұрғындарының игілігі үшін тиімді болмақ.
Ә.ҚАСЫМ