АУДАНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТТЕРІ МЕН ШАТЫРЛАРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

(0 Votes)

 Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу бұған дейін тұрғындар тарапынан көтеріліп келе жатқан күрмеулі мәселелердің бірі болатын.

 Осы ретте ағымдағы жылы аталған мәселелер оң шешімін тауып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жоба жасақталып, бірқатар жұмыстар жүргізілмек.

Атап аи‌тқанда, Мақат кентінен 13 көп қабатты тұрғын үйдің (С.Мұқашев көшесі КПД №1,2,3,4,5,6,7,8/1; Мұнайшы газеті 18/1,18/2; С.Әлиев көшесі 80/3,80/4,80/6) және Доссор кентінен 12 көп қабатты тұрғын үйдің (М.Өтемісұлы көшесі №117,120,129,134,139,147,171; А.Мантаев көшесі №193,194,195,196,204) қасбеттері мен төбе шатырларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Оның ішінде көп қабатты тұрғын үйлердің подьездеріне жаңа есіктер мен терезелер және тұрғын үй алдына демалуға арналған отырғыштар мен қоқыс тастайтын урналар орнатылатын болады.

Аудан тұрғындарына бірнеше жылдар бойы қолайсыздық туындатқан мәселелер аталған жұмыстар арқылы оң шешімін табары анық.

Осы бағытта жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT