Соңғы жылдары қоғамның қызу талқысына түскен тақырыптың бірі- елімізде Атом электр стансасын салу мәселесі

Соңғы жылдары қоғамның қызу талқысына түскен тақырыптың бірі- елімізде Атом электр стансасын салу мәселесі
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында бұл мәселеге арнайы тоқталып, елімізде АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін мәлімдеді. 

Қазақстанда АЭС салу мәселесін сөз еткенде, алдымен қауіпсіздікке баса назар аударатынымыз сөзсіз.

Мамандар елімізде атом электр стансасы әлемде ең қауіпсіз деп саналатын жобалар бойынша салынады деп сендіруде. Ол үшін бүгінге дейін түрлі мемлекеттердегі АЭС құрылысы мен жұмыстары тереңнен зерттеліп, қарастырылады екен.

АЭС салу жобасының әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және техникалық сынды төрт бағытта берер пайдасын түрлі жаңалық сайттарынан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танып білудеміз.

Әсіресе ғылыми-техникалық мамандардың саны артып, он мыңдаған жұмыс орны ашылмақ деуде. Бұл дегеніміз, еліміздегі жұмыссыздықтың алдын алу деген сөз ғой. Әрине жұмысшылардың басым бөлігі жергілікті азаматтар болса деп тілейміз.

Нұрлан Елемесұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT