Полицейлер акцияға атсалысты

(1 Vote)

 «Мектепке жол» акциясы ауданымызда белсенді өтуде. Жақында бұл іске аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы да айрықша атсалысып, өзіндік үлестерін қосты.

Бөлім қызметкерлері акция кезінде аз қамтылған және профилактикалық есепте тұрған отбасы балаларына қуаныш сыйлады. 12 оқушыны мектепке қажетті сөмкелермен, оқу-құралдарымен және киім-кешектермен толықтай қамтамасыз етті. Балаларға арналған көмек ата-аналарының қатысуымен табысталды, ата-аналар мен балалар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

komektesu

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді аудандық полиция бөлімі. Естеріңізге сала кетейік, білім беру ұйымдарында әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға жәрдемдесу қыркүйек айының 30-на дейін жалғасын табады.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз