Өңірдің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру және жобаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Qolday» облыстық байқауына өтінім қабылдануда. Жобаны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ-сі ұйымдастыруда.
Өтінімдер 2025 жылдың 9 шілдесінен бастап, 8 тамызына дейін
Конкурсқа Атырау облысында тіркелген үкіметтік емес ұйым қатыса алады. Өтінімдер Конкурс ережесіндегі №1, №2 және №3 қосымшаларға сәйкес рәсімделіп, жоба туралы көлемі бес беттен аспайтын презентациямен бірге қабылданады..
Байқаудың толық ережесімен www.atyraunpo.kz сайтында танысуға болады.
Түсетін өтінімдер арнайы құрылған комиссиямен қаралады. Нәтижесінде, жеңімпаз атанған 6 үкіметтік емес ұйымның әрқайсысына 2 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.
Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмерлері: 8 702 595 60 48; 8 778 253 37 93
Анықтама үшін:
«Qolday» жобасы – алғаш рет 2021 жылы жүзеге асырылды. 2024 жылды қоспағанда, жоба жыл сайын өткізіліп келеді. Жоба аясында жалпы саны 15 жоба қаржыландырылды. Нақтырақ айтқанда, 2021 жылы – әрқайсысына 500 мың теңгеден 3 жоба, 2022 жылы – 1,5 млн теңгеден 6 жоба және 2023 жылы – әрқайсысы 1,8 млн теңгеден 6 жоба қолдау тапты.