Атырауда XII Азаматтық форум өтіп жатыр

Атырауда XII Азаматтық форум өтіп жатыр
(0 Votes)

Атырауда дәстүрлі XII Азаматтық форумның екінші күні пленарлық отырыспен жалғасты. Келелі жиында азаматтық қоғамды қолдау және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі талқыланды.

Форум жұмысына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы маңызын атап өтті.

– Үкіметтік емес ұйымдар өңірдің әлеуметтік дамуына, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және түрлі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келеді. Мемлекет тарапынан бұл бағытқа ерекше қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде азаматтық сектордың әлеуеті артып, қоғам үшін маңызды жобалар жүзеге асуда, – деді аймақ басшысы.

Форум барысында азаматтық қоғамды қолдау бойынша мемлекеттік саясаттың жаңа мүмкіндіктері талқыланып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту тәжірибелері ұсынылды. Сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері өздерінің үздік әлеуметтік жобаларын таныстырды.

Іс-шара аясында аймақ басшысы екі бірдей конкурстың жеңімпаздарын марапаттады. «DEMEÝ» облыстық конкурсына 26 волонтер қатысып, комиссия шешімімен 6 үздік жоба 1 млн теңгеден грант иеленсе, «Qolday» облыстық конкурсына 31 ҮЕҰ қатысып, 6 ұйым үздік деп танылып, әрқайсысы 2 млн теңгеден қолдау алды. Сонымен қатар ҚР Азаматтық Альянсының Алғыс хаты 8 белсенді ҮЕҰ-ға табысталды.

Форум соңында облыс әкімі азаматтық қоғам өкілдеріне өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, серіктестікті нығайта түсуге шақырды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT