«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын орындау үшін және 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы талаптарды орындау мен әскерлерде профилактикалық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуді жүзеге асыру мақсатында, Атырау гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілердің қатысуымен, 2020 жылдың қаңтар айында Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі) офицерімен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы» тақырыбында қызметтік кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Жиын барысында, кіріспе сөзді бастаған Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету жөніндегі) офицері әділет аға лейтенанты Мерекеев Елдос Абубакирович, жалпы жиналысты ашық деп жариялап, дөңгелек үстелде қаралатын мәселені жеткізіп, 2019 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмысы жайлы қысқаша тоқталып, қатысушыларға Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасау үстінде ұсталған және сотталған тұлғалар туралы мәліметтерді жеткізді, сондай-ақ әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған қылмыстық және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін көзделген жауапкершіліктер мен жазаларға тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне және қауіпсіздігінің нығайуына үлкен кедергі келтіріп отырған еліміздің ең басты қауіп-қатерлері екенін, аталған құбылыстың әскери бөлімдер мен мекемелердің барлық саласына дендеп енуіне батыл тосқауыл қою, олардың зардаптарын жойып, мүдделілерді жауапқа тарту ең басты міндеттеріміздің бірі болып табылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, гарнизонда орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің басшыларына «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіріп» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы әңгіме өрбітілді.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға, осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек, сот, құқыққорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес барлық ұлтжанды азаматтардың парызы дей келе, сыбайлас жемқорлықпен күрес табандылықпен жалғасатынына сенім білдірді.
Е.А.Мерекеев
Атырау гарнизоны ӘПБ (сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі) офицері
әділет аға лейтенанты