«Армияда қылмысқа орын жоқ»

(0 Votes)

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында және «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін жүзеге асыру мақсатында, Атырау гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелердің барлық санаттағы әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі талаптарын жеке құрамға жеткізу бойынша дәрістер өткізілді.

Іс-шаралар барысында, әскери қызметшілерге Ішкі істер органдарының өкілдерінің қатысуымен, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер, ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдікпен мас күйінде көлікті басқару және қоғамдық орындарға мас күйінде келу, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, ортақ пайдалану орындарын ластау, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттермен жол қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша насихаттау жұмыстары кеңінен жеткізілді.                                                          

 

Мұратбек Нұржанов,

Атырау гарнизоны әскери полиция

бөлімшесінің бөлімше бастығы (топ бастығы)

ефрейтор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT