«Қуандық» командасының олжасы

(0 Votes)

Жақында Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданында кіші аяқ доптан ХХІІІ Халықаралық турнир өтті.

Футболистер Маңғыстау облысының Қарақия ауданының әкім кубогі үшін өнер көрсетті. Конституция мерекесі құрметіне ұйымдастырылған турнирге Өзбекстан Республикасы және Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облысының аудан және ауыл командалары қатысты. Тартысты додаға ауданымыздан 2 команда қатысып, ел намысын қорғады. Үш күнге созылған жарыста футбол саңлақтары әдемі ойын көрсетіп, барлық ойындарда жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Турнирге «Қуандық» командасы құрамындағы Еркебұлан Бейбітұлы, Азат Құттыбай, Жақсылық Амандосов, Ислам Айтжанов, Мейіржан Купиев, Ержан Шарафиев, Ақылбек Кәрімов, Райымбек Кауанов, Қосекен Алтынбек, Талған Әбдешов, Сағидолла Джуматаев, Данияр Бақтығалиев қатысты. «Үздік ойыншы» номинациясына Е.Бейбітұлы лайықталды. Жеңіспен оралған футболистерді спорт бөлімі, балалар және жасөспірімдер мектебінің басшысы Н.Төлегенов, жастар ресурстық орталығының басшысы Ә.Қаржауова және бір топ аудан жастары теміржол вокзалынан күтіп алып, жеңістерімен құттықтады.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT