Сазды кеш

(0 Votes)

Өткен аптада аудандық балалар кітапханасында «Made in QZ» атты ұлттық музыкалық кеш өтті.

Кешке өнер мектебінің өнерпаздары, «Жасыл ел» сарбаздары, өнер мектебінің домбыра аспабы мұғалімі Наташа Исалиева және аудан жастары қатысты. Ұлттық музыка, ұлттық аспаптарды насихаттау және дәріптеуді мақсат еткен кеш мейлінше қызықты әрі әсерлі өтті. Әдеби-музыкалық кеш ұлттық музыкаға танымның тереңдігі қажеттігін ұғындырды. Ежелден атадан балаға мұра болып, сан ғасырлық тарих қойнауынан өтіп, бүгінге жеткен асыл қазынаны дәріптеу – ұлт мүддесі. Сондықтан ұрпақтан-ұрпаққа мирас құнды дүниені қадірлеуіміз қажет.

Шара барысында өнер мектебінің түлектері Бекболат Ернар, Жәрдемқызы Кәмшат және шәкірттер Сабыржанов Рамазан, Жанболатқызы Айнамкөз тың өнер туындыларын тарту етті. Шара соңында белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салған өнерпаздар марапатталып, мазмұнды кеш әнмен қорытындыланды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT