Ұлт өнері рух азығы

(0 Votes)

Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңыздысы мәдениет саласы екені мәлім.

Құлақтан кіріп бойды алар тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді.

Қазақылығы бұзылмаған біздің ауданның мәдени саласы бүгінде облыстың алды болып, руханияттың үлгісі болып отырғаны мәлім. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Елбасының ұстанған саясатын жүзеге асыру бағытында елеулі жұмыстар атқаруда. Айталық, «Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты халыққа қызмет көрсетіп келетін 9 кітапханада жалпы кітап қоры – 132 821 дана. Оның ішіндегі мемлекеттік тілдегі әдебиет саны – 78 207. Жаңа түскен әдебиет саны – 4217 –ні құрап отыр. Қазақ тілінде – 3 409, кітап берілімі – 56 973, келуші саны – 30 994. Жыл басынан бері 136 көпшілік шара өтті.

Доссор мәдениет үйінде барлығы 40 шара өтті. Оған 17 729 адам қамтылды. Аудан көлемінде 79 мәдени көпшілік шара өткізіліп, барлығы 31 029 адамды қамтыды. Материалдық техникалық базамыз соңғы бір-екі жылда күрт өсті. Мәдениет үйлеріне автокөліктер де алынып беріліп жатыр. Қай жерде де елдің бет-бейнесі оның мәдениеті мен экономикасына байланысты. Олай болса, мәдениетті елдің болашағы да зор болатыны белгілі. Ауданының мәдени өмірі көш басында. Мәдени салаға барлық жағдай жасалып, аудан халқы мәдени ошақтармен, кітапханамен түгелге жуық қамтылып отыр.

Ауданның мәдени саласын көтеруде аудан әкімдігінен қамқорлық көрсетіліп отыр. Аудан басшыларының тікелей қолдауымен бүгінде барлық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жүргізу, музыкалық аспаптар, ұлттық киімдер, сахна безендіру тағы басқа да керекті заттарды алу сынды мәселелер оң шешімін табуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында мәдениет саласы қызметкерлеріне арналып өткізілген «Рухани қазына» атты аудандық форум жергілікті тарих, салт-дәстүр мен мәдениетке деген құрметті айқындап, ұлттық мирасты дәріптеуге үлесін қосты.

Онда аудандық тарихи-өлкетану музейі жәдігерлерінен көшпелі көрме ұйымдастырылып, этнографиялық, тарихи, археологияық жәдігерлер, сондай-ақ қолөнер шеберлерінің және мүмкіндігі шектеулі жандардың дайындаған бұйымдары қойылды. Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты А.Қоразбаевтың 70 жылдығына орай «Елге сәлем» ән байқауы да аталмыш бағдарламаға арналды. Елдік пен отаншылдыққа тәрбиелеу –біздің басты бағыттарымыздың бірегейі. Сондықтан жоспарлы шаралардың басты легі патриотизмге бастайды. Аудан әкімдігі қолдауымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, жауынгер аға ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгер рухына тағзым ету мақсатында өткізілген «Ауғанның отты жылдары» - соның айғағы. Сонымен бірге, Астана қаласының құрметіне арналған бірқатар шаралар қатарында көрермендер ықыласына бөленген «Аялаған Астана» ән байқауы айтпай өтуге болмас. Байқауға 8-13 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатынасты.

Қоғамды береке-бірлікке шақырып, ынтымаққа бастайтын күнделікті әдет-ғұрпымызды етене танып, тәрбиесі мол дәстүрімізге құрметпен қарау қашан да маңызды. Ол – біздің мәңгілік елдігіміздің кепілі. Сан ғасыр бойы ата-бабаларымыз тұтынып, төл дүниетанымына айналдырған салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатымен аудандық «Шашбаулы қыз» байқауы, 14 наурыз – Амал мерекесі, 22 наурыз күнгі мерекелері халықтың ризашылығына бөленген шырайлы шара болды. Мәдени сала мен тілдерді дамыту –біздің ең негізгі бағытымыз болғандықтан, тіл мәселесі назарымыздан тыс қалып отырған жоқ. Қазақстан халықтарының тілдері күні әрқашан да ауқымды шаралармен аталып өтеді. Сонымен бірге «Тіл – барлық білімнің кілті» тақырыбымен полиглоттар сайысы үштұғырлы тіл саясатын насихаттау бағытымен аудандық білім беру бөлімімен бірлесе өткізіліп келеді. Мәнерлеп оқулар сайысы, «Абай оқулары» аудандық байқауы дәстүрлі өтіп келеді. Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні мәдениет адамды қалыптастырса, өркениет қоғамның даму деңгейін көрсетеді. Ал қоғамсыз адам адам бола алмайтыны белгілі. Олай болса, ұлттық болмысымыз арқылы рухымыздың күштілігін дәлелдей білелік.

Б.ЕРМЕКОВ,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT