Аудандық мәдениет үйінің өнер ұжымдары Халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Үйірме жетекшілері де оқушыларының биік белестерден көрініп, аудан мәдениетін көтеруі үшін аянбай тер төгіп келеді.
Биылғы жылы да ән, драма, би, дәстүрлі ән үйірмелері үшін жетістікке толы жыл болды. Соның бірі Алматы қаласындағы «Мұрагер» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық "Поэзия менімен егіз бе едің?!" атты сайыс.
Онда балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына ән, драма, дәстүрлі ән үйірмелерінің оқушылары қатысып, жетістікке жетті.
Атап айтсақ, «Көркем сөз» жанры бойынша Д.Хамза І-орын, А.Саматқызы мен А.Ғайса ІІ-орынға ие болса, «Дәстүрлі ән» жанрынан Н.Қуаныш І-орын және вокал жанры бойынша қатысқан С.Маңғыстау бас жүлдені жеңіп алды.
Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беріп, өнер жолында үлкен жетістіктерге жетуіне үлес қосып жүрген үйірме жетекшілері Г.Кенжиева (драма), Р.Әлиева (вокал) және Б.Әкімгерейұлы (дәстүрлі ән) «Мұрагер» орталығының ұйымдастырушысы Д.Ибрагимовтың атынан «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды.
Шәкірттерін биік белестерден көрсетіп жүрген жетекшілер мен ұстаздардың еңбегін ақтаған оқушыларды арнайы аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Тулебаева марапаттап, өз алғысын білдірді.
Аудандық мәдениет үйінің баспасөз қызметі