МАҚАТТЫҚ ФУТБОЛШЫЛАР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ U-19 ҚҰРАМЫНА ШАҚЫРЫЛДЫ

(0 Votes)

Мақат командасының жас ойыншылары ел футзалының ең биік деңгейінде өздерін таныта білді.

Аудан намысын қорғап жүрген Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері — Расул Ерболұлы мен Жанмұрат Амандос Қазақстан Республикасының U-19 жастар құрамасына шақырту алып, үлкен сенімге ие болды.

Бұл тек екі спортшының ғана емес, тұтас Мақат футзалының жетістігі.

Атап өту қажет, жас спортшылардың алғашқы қадамына бағыт-бағдар беріп, кәсіби тұрғыда қалыптасуына үлес қосқан алғашқы жаттықтырушылары — Ержан Шарафиев, Жақсылық Амандосов және Әнуар Теңдібайдың еңбектері орасан зор.

Олардың тынымсыз еңбегі мен шәкірттеріне деген жауапкершілігі бүгінгі жарқын нәтижеге негіз болды.

Сондай-ақ, Расул Ерболұлы мен Жанмұрат Амандостың ұлттық құрамаға шақыртылуы — Мақаттағы жасөспірімдер футзалының қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейтін жарқын мысал.

Бұған дейін де мұнайлы өлкенің тағы бір мақтанышы — Ерасыл Шарапиденов те ел футзалында аты аңызға айналған «Қайрат» командасынан арнайы шақырту алған болатын. Бұл жағдай Мақаттан шыққан жас спортшылардың әлеуеті жоғары екенін және аудан футзалының жүйелі дамып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT