«Музей түні»

(0 Votes)

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде алғаш рет «Музей түні» шарасы ұйымдастырылды.

Аталмыш кеш аясында жергілікті тұрғындар музей дайындаған тосын сыйларды кешкі сағат 19.00-23.00 аралығында тамашалау мүмкіндігі туды. «Музей түнінің» негізгі мақсаты – аудан тұрғындары мен қонақтарын музей ісімен жақын таныстыру, ұлттық құндылықтарды және жергілікті мәдени мұраны сақтауға, қастерлеуге шақыру, өлке тарихын насихаттау болды.

Өткізілген іс-шарада музейдің экспозициялық залдарына саяхат жүргізілді. Келген қонақтар мұражай ғимаратындағы құнды жәдігерлермен танысып, ақпарат алды. Жалпы жергілікті музейде өңіріміздің ерекше этнографиясы, қайталанбас айшықты тарихы мен ерекше табиғаты туралы жан-жақты мағлұмат беретін 4 мыңнан астам жәдігерлер сақталған. Олардың ең таңдаулылары музейдің тарих және этнография залдарына қойылған.

Қонақтар музейді аралап, көшпенділер өмірінен сыр шертетін түрлі жәдігерлер, аймақтың тарихы баяндалатын бай материалдар, жалпы ұлтымыз ұстап тұтынған ұлы қазыналар мен қатар көрмеге қойылған аудан қолөнершілерінің бұйымдарын тамашалап, жақсы әсер алып қайтты.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT