Бүгін Мақат ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай аймақтық «Мұнайлы мекен» суретшілер пленэрі басталды.
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында пленэрге қатысушы еліміздің батыс өңіріне танымал суретшілері жиналды.
Қылқалам шеберлерімен кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев пленэрдің тақырыбымен, мақсатымен таныстырып, суретшілерге сәттілік тіледі.
Аудан көлемінде бірнеше маршруттарды белгілеген суретшілер қауымы өз жұмыстарында аудан тарихын, бүгіні мен ертеңгі келбетінің негізгі элементтерін бейнелейтін болады. Бұл жұмыстар музей көрмесінен орын алып, аудан халқына және қонақтарына ауданның 95-жылдығы тұсында ұсынылады.
Суретшілер үш күн бойы ауданымыздың өткен тарихы, бүгіні мен ертеңіне шығармашылықпен үңіліп, оны өз туындыларында ұсынатын болады.
Өз тілшіміз.