«Спорт - нашақорлыққа қарсы». Осындай ұранмен аудан мекемелері мен мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс өтті.
Жарысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. 5 командада 20 адамды қамтыған жарыста ерлер арасында «А» тобында ардагер Мизам Жолимановтың мерейі үтем болып, бірінші орынға ие болса, екінші-үшінші орынды Көбейсін Саюпов пен Талас Байгуршимов өзара бөлісті. «Б» тобында ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов жүлделі бірінші орын алса, ардагерлер Адайхан Елубаев екінші, Қабылхан Омаров үшінші орын иеленді.
![]()
![]()
Әйелдер арасынан халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Эльмира Утебаева бірінші орынға ие болды. Ал, орталықтың қызметкерлері Айсұлу Қалиева екінші, Рита Баукышева үшінші орын алды.
Ә.Теңдібай,
әдіскер


