Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, біртуар сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен Мақат кентінің Орталық алаңында "Бақыт құшағында" атты ән фестивалі өтті.
Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған талант иесінің әндеріне кент тұрғындары қосыла тербелді.
Бұл жолғы сазды кештің өнерпаздары тек мәдениет үйінен емес, сондай-ақ, өзге де сала қызметкерлерінің өнер көрсетуімен ерекшеленді. "Кешікпей келем деп ең" әнімен сахна шымылдығын ашқан Гүлжанар Нұрмағанбетоваға халық ерекше ықылас танытып, "Арқалықтың ақ таңын" Мақаттың қоңыр кешінде әуелеткен Азамат Елубаевқа да ду қол шапалағын аямады. Кеш барысында жиналған жұртшылық арасынан әнге қосылып, айрықша белсенділік танытқан көрермендерге естелік сыйлықтар табыс етілді. Аудандық мәдениет үйінің басшысы Кенжебике Айтмұханқызы мен Гүлбаршын Кенжиева шәмші ағамыздың әндерінен бөлек өзге де сазгерлердің әндерімен бөлісті.
Сонымен қатар Раушан Әлиева, Аруханым Арманқызы, Динара Әлібаева және Айдана Көшкенбаева Бағыт Жалмұханов пен Бейсенбай өнеріне халық тәнті болды.
Кеш соңында арнайы алғыс хатпен марапатталды.
А.Садыков
суреттер автордікі