Мерекелік кеш Елорда күніне арналды

(0 Votes)

Доссор мәдениет үйі елорда күніне орай "Туған күніңмен, жасай бер, жайна, Елорда!" атты онлайн концертін ұйымдастырды. Ел астанасына тартуды тұрғындар әлеуметтік желіде онлайн тамашалады. Мерекелік кеште өнер ордасының өнерпаздары ән айтты, би биледі.

«Еркем-ай» үлгілі би ансамблі концерт шымылдығын «Жастар» биімен ашты. Патриоттық сезімге бөлейтін «Астана» әнін Айнұр Садуқасова орындаса, Данияр Еримов пен шәкірті Шахризада Қонысбаева «Туған жер» әнін әуелетті.

22a6ab11-1550-4fb8-be97-8f61cd6de53d

Думан Құрмашев өзінің «Сен ғана» авторлық әніне түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті. Алдағы уақытта бейнебаян республикалық «Той думан» телеарнасынан көрермендерге жол тартпақ.

078d3435-3c73-40f1-87d1-4a2f02e0b8b4

Ғұмаровтар отбасының дуэті «Ана мен бала» әнін шырқаса, «ДосАрт» триосы мерекелік концертті  «Астана» әнімен қорытындылады.

 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521