Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан жастары арасында марафон өтті. Жаппай жүгіру бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етті.
Марафонға 40 жеңіл атлет қатысып, жарыс көркін қыздырды. Марафон 14-17 жас аралығында және 18-29 жас аралығы бойынша өткізілді. І категория бойынша марафоншылар 3,5 шақырым «Nur Otan» партиясы ғимаратынан басталып, желілік-өндірістік басқармасына дейін, ал ІІ категория бойынша 7 шақырым «Nur Otan» партиясы желілік –өндірістік басқармасы ғимаратына дейін және қайта «Nur Otan» партиясы ғимаратына дейін жүгіріп өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша І категориямен Исламбек Беркінғали І орын (15 мың), Ерлан Қайырқожа ІІ орын (10 мың), Алпар Мұратұлы ІІІ орын (5мың) иеленді.
Ал ІІ категория бойынша 18-29 жас аралығы бойынша І орын Парасат Құлмұханов (25 мың), ІІ орын Асылхан Давлеталиев (15 мың), ІІІ орын Амангелді Қобдабаев (10 мың) жеңіп алды.
Марафоншыларды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанат Жұмағалиева және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Алтынгүл Есенаманова марапаттады.
М.ІЗТҰРҒАНОВА