«Айналайын» өнер фестивалі 5-11 жас аралығындағы өнерпаз балалардың ішінен мықтыларын анықтады.
Фестивальді аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды.
Балабақша, мектеп, мәдениет үйі жанындағы үйірмелер мен өнер мектебінен 16 жеке орындаушы және 12 топ шәкірттері ән салу өнері (жеке немесе дуэт, трио) және хореографиялық би жанры бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысында ән жанры бойынша 3 орынды Д.Серік пен Б.Марат дуэті (Абай атындағы орта мектеп), Ж.Қайратқызы (Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп) және Р.Оңайбай (Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешені) өзара бөліссе, 2-орынды Н.Мақсотұлы (аудандық мәдениет үйі), Е.Тыныштық (Л.Шахатов атындағы орта мектебі) пен Н.Тәуекелқызы (Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебі) алса, 1-орынды А.Бағытжан («Нұрбөбек» балабақшасы) жеңіп алса, үздігі болып бас жүлдені А.Манарбек («Сандуғаш балабақшасы») иеленді.
Ал, би жанры бойынша 3-орынды «Сымбат» би тобы (мәдениет үйі), «Балдырған» би тобы (Х.Санбаев орта мектебі) мен «Нұрбөбек» балабақшасының бүлдіршіндері қанжығалады. 2-орынды «Балбөбек» балабақшасының бишілері мен Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің бүлдіршіндері еншіледі. 1-орынды «Ерке» би тобы (Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешені) алса, бас жүлдені «Лезгинка» биімен «Сандуғаш» балабақшасының бишілері иеленді.
Жыл сайын жас таланттардың өнері шыңдалып келе жатқанын аңғару қиын емес. Кішкене жұлдыздарымыздың жарқырай түсуі еріксіз қуантады.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Суреттер автордікі