Аудан жастары эстафетаны Махамбетке жолдады

(1 Vote)

Қазақтың бойындағы қайтпас қайсарлық пен мұқалмас өр рухтың көрінісін күллі әлемге паш етудің ерекше құнды белгісі - рәміздердің орны ерекше.

i

4 маусым -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Мақат кентіндегі "Жеңіс" саябағында мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындарының қатысуымен облыстық патриоттық эстафета өз жалғасын тапты. "Мемлекеттік Рәміздер - елдігіміздің айғағы, халқымыздың мәртебесі" ұранымен өткен бұл шарадан көпшіліктің алған әсері мол болды.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов құттықтау сөз сөйледі. Тағылым мен тәрбиеге толы эстафетаны тарих пәнінің мұғалімі, белсенді жас Орынбаев Ғалымжан Мақат ауданынан Махамбет ауданына жолдады. Шара соңы патриоттық әндермен әрленіп, бүлдіршіндердің биімен көмкерілген мерекелік концертке ұласты.

i

i

Мерекеге орай ұлттық спорт түрлері асық ату және кір тасын көтеруден жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар марапатталды.

i

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT