Былғары қолғап шеберлері жарады

Былғары қолғап шеберлері жарады
(0 Votes)

Жақында Орал қаласында бокстан жастар арасында Қазақ ССР чемпионы Манарбек Ихсановты еске алуға арналған 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтті.

Аталған жарысқа Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Астана қаласы, Абай, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 200-ге жуық спортшы қатысты.

Турнирде облыс атынан бақ сынаған Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Атап айтқанда, 46 келіде Әлихан Қанатұлы күміс және 57 келіде Нұрмұхаммед Алдаберген қола жүлдеге ие болды.

Жалпы, Атырау облысы құрамасының спортшылары қоржынға 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдеге салды.

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT