Доссорлық «Гауһартас» бас жүлдені еншіледі

(0 Votes)
Доссорлық «Гауһартас» бас жүлдені еншіледі

«Атадан - мұра» қоғамдық қоры мен «Самрұқ» зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында байқау өтті.

Жасөспірімдердің мәдениетін арттыру, өнерлі балаларды шыңдау, жыл үздігін анықтау, жетекшілердің тәжірибе алмастыру мен біліктілігін арттыру мақсатында өткен байқауда «Гауһартас» би тобы үздік өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар «Үздік бишілер» тобы номинациясының иегері атанды. Ал топ жетекшісі Ұлжан Сарсенгалиеваға арнайы алғыс хат табысталды.

Шәкірттеріміздің шынайы өнерде шыңдарды бағындыра береріне сенімдіміз.

Ғ.Ғинаятова,

Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521