Доссорлық аяқдопшылар қола жүлдегер

Доссорлық аяқдопшылар – қола жүлдегер
(0 Votes)

Маңғыстау облысында футзалдан өткен ІІІ республикалық ашық “MUNAILY CUP” турниріне қатысқан Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жүлделі оралды. 

2010-2011 және 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа 2 командадан құралған 23 спортшы қатысқан болатын. Нәтижесінде 2010-2011 жылы туған жас аяқдопшылар ІІІ орынға ие болды.

Сондай-ақ, Мирас Асылбекұлы «Үздік қорғаушы» және Мерей Жасұлан, Алишер Нұржан, Ислам Орнат «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды.

Айта кетейік, жарысқа барлығы 13 команда қатысқан болатын.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT