«Бір ел болса, біздей болсын»

(0 Votes)

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Шара мәдениет үйінің он қолынан өнері тамған шеберлердің қолөнер бұйымдарын дәріптейтін көрмемен басталды.Соңғы жылдары тоқымамен айналыса бастаған Гүлнәр Сұлтанова мен мәдениет үйінен зейнетке шыққан Үмітжан Имашеваның туындылары таңдай қақтырды.

Қызметкерлерді құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев халықаралық, республикалық деңгейде топ жарып жүрген сахна саңлақтарын атап өтіп, баршасына шығармашылық табыс тіледі. Сондай- ақ, мәдениет қызыметкерлерін аудан әкімінің және мәслихат хатшысының арнайы алғыс хатымен марапаттады.

Ақ тілекті одан әрі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Исполов, аудандық мәдениет үйінің басшысы Кенжебике Айтмұханқызы мәдениет саласына жанашырлық танытқаны үшін аудан әкімі Жұмабай Ғаббасұлына алғыс білдірді.

Сондай-ақ, бірнеше мектеп және балабқаша ұжымдарының басшылары белсенді қызметтері үшін марапатталды.

Марапат соңы аудан өнерпаздарының әдемі концертіне ұласты. «Айгөлектің» жеңімпаздары бастап, "Ғажайып қыздар" көңілді тапқырлар клубы мүшелері қазіргі қоғамның ауыр тұстарын жеңіл әзілмен дөп басты. Мың бұралған биші қыздар, әуезді әншілер төл мерекесінде аянып қалмады.

Кеш соңы "ДОСарт" триосының орындауындағыдай «Бір ел болса, осындай болсын» деген тілекпен тарқасты.

А.САДЫКОВ,

суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT