Кеңес Одағының батыры Мұса Баймұхановты еске алуға арналған еркін күрестен дәстүрлі турнир өткен аптада болып өтті.
Оны аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарыс 2003-2004, 2005-2006 және 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдерді қамтыды. Бұл күндері Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде көршілес Өзбекстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жылыой, Индер, Құрманғзы ауданынан 170-тен аса палуан жиналып, өз салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.
Салтанатты ашылуында Мақат кенті әкімі Б.Жайкин қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс нәтижесі бойынша 2007-2008 жылы туған палуандар арасында 28 кг салмақ дәрежесі бойынша Асылхан Боранбай (Атырау), 33 кг. бойынша Бекнұр Қойшыбай (Индер ауданы), 39 кг. салмақта Ербол Маратұлы (Мақат ) иеленсе, 39+кг.салмақ бойынша Сансызбай Жалғас (Индер) иеленді. Ал, 2005-2006 жылы туған жасөсіпірмдер ішінен 35кг. салмақ бойынша Қарасай Дархан. (Мақат), 39 кг. салмақта дәрежесі бойынша Ғайнулла Бекнұр. (Маңғыстау), 43кг бойынша Құттыбекұлы Сержан (Индер), 54кг. бойынша Сайранов Ерасыл (Мақат) иеленді. 2003-2004 жылы туғандар бойынша 46 кг.салмақта Қисанов Ақжол (Мақат), 61кг.салмақ бойынша Утеғалиев Нұрлыхан (Атырау), 69 кг.салмақ дәрежесі бойынша Ерболатов Ерсұлтан(Атырау) жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан диплом, медальдармен марапатталды.
А.ТАУМҰРЫНОВА.
Суреттер автордікі.