Атырау қаласында дзюдо күресінен мектеп және колледж оқушылары арасында Қазақстан Республикасының спартакиадасы өтті.
Сайыстың ашылу салтанатында Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бауыржанұлы мен облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Рысқалиұлы және қалалық спорт бөлімінің басшысы Ринат Хисаұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Дзюдошылар спартакиадасына еліміздің әр түкпірінен 8 команда қатысты. Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңыстау, Атырау облыстары және Астана мен Алматы қалаларының намысын қорғаған спортшылар қызу жарысқа түсті. Аудан дзюдошылары бұл сайыста өте табысты нәтижеге қол жеткізді. 55 келіде Ұлықбек Әбілқайыр және 66 келіде Дінмұхамбет Шаменов чемпион атанды. Ал,81 келі салмақта Әділет Сапарғалиев ІІ орын алса, 50 келіде Әділет Тынышқалиев және 70 келіде Ізхайыр Әмина ІІІ орынға ие болды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА.