Аудан ұстаздары садақ ату мен армрестлингтан үздік атанды

(0 Votes)

Атырау қаласындағы Абай шығармашылық орталығында облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығы мен білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы бірлесіп, 6-7 қаңтар күндері облыстық І спартакиада өткізді.

«Каникулдық мектеп» жобасы аясындағы білім бөлімдері мамандары және білім беру ұйымдарының басшылары арасында ұйымдастырылған жарыс қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, денсаулығын нығайту, бұқаралық спортты дамытуды мақсат етті.

324719859_499840512236209_6234952845717191657_n

Спартакиадаға 10 команда қатысып, спорттың 6 түрінен, атап айтқанда волейбол, армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және садақ атудан сынға түсті.

Ауданнан аталмыш шараға білім бөлімінен 4 қызметкер, 6 директор, 5 мектеп директорының орынбасары жалпы саны 15 адамнан құралған команда қатысып қайтқан болатын.

Спартакиада қорытындысына сәйкес дәлдік пен ептілікті талап ететін «Садақ атудан» аудан командасы І орын иеленіп, өз мергендіктерін танытты.

7hyhgtgfrfdedd

– «Садақ атуға» әр командадан іріктелген 3 мергеннен 30 адам қатысқан болатын. Нысанаға дөп тиген жебелердің ұпай санымен 41 ұпай жинап «Сұр мерген» номинациясының иегері атандым. Ал командалық есепте 83 ұпаймен көш бастап, ауданымызға алтын медаль сыйладық. Командада бірлесе садақ атқан С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты директорының міндетін атқарушы Данияр Болатұлы мен директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Ұлмекен Серікқызына алғысымды білдіремін»,- дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев.

gfgfgfnbb

Ал шымырлық пен толағай күшті талап ететін қол күшін сынасудан (армрестлинг) аудан құрамасы III орын иеленіп, қоржынды қола медальмен толықтырды. Бұл сайыста Х.Санбаев атындағы орта мектебінің директоры Жасұлан Садықұлы, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының директоры Данияр Болатұлы, Бәйгетөбе мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Салтанат Бердімұратқызы бақ сынады. Сайыс ортасында Данияр Болатұлының жарақатына байланысты жарысты одан әрі Б.Қанатабаев атындағы орта мектебінің директоры Азамат Қожабайұлы жалғастырған болатын.

ujujuhyhjhjh

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен кубок, ақшалай сертификаттар табысталды.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521