«Барыс» бүгін елордада «Сибирь» командасымен кездеседі

(0 Votes)

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 16 қаңтар елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 47 мәрте кездесті. Оның 23-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде елу екі ойыннан кейін 48 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 19-орында келеді.

Ал, елу бір ойыннан кейін 64 ұпай жинаған «Сибирь» 7-орынға жайғасқан.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521