Атырауда дзюдодан республикалық турнир өтті

(0 Votes)

Атырауда спорт ардагері Кеңес Барақатовты еске алуға арналған ерлер арасынан дзюдодан республикалық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.

- Турнир олимпиада ойындарының қатарына енген дзюдоның ережесі бойынша жүргізілді. Додаға спортшылар Өзбекстан мемлекеті мен Қазақстанның 14 аймағынан келіп, бақ сынады. Кеңес Барақатовтың құрметіне турнир осымен он төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр, деді «Барақат» спорт клубының жаттықтырушысы Шынболат Хасанов.

Жарыс қорытындысы бойынша, 1-орынды Қызылорда облысы, 2-орынды Атырау облысы, 3-орынды Алматы облысы иеленді.

Айта кетейік, Кеңес Барақатов 1959-1964 жылдар арасындағы еркін күрестен бірнеше дүркін облыс жеңімпазы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521