«Атырау» футзал командасы Мақат ауданында болды

(0 Votes)

Бүгін, 10 маусым күні ауданға футзалдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанған «Атырау» командасы келді.

Спортшыларды аудан әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев, Мақат кенті әкімі Ербол Ермағамбетов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Исполов қарсы алып, жеңіспен құттықтады.


Алдымен команда атынан ауданға табан тіреген Талап Есениязов, Жақсылық Амандосов, Deo, Dalton, Victor Pires ойыншыларымен сұхбат жүргізіліп, жергілікті жас спортшылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Одан кейін, команда мүшелері шеберлік сағатын өткізіп, жаттығуды бастап кетті. Футзал шеберлері балаларға пас беру, дриблинг жасау, қақпаға дәл соққы жасау секілді әдістерді үйретті.

e6e0d803-6f25-410a-86cb-839be5c0a623

«Биыл он айға жалғасқан ұзақ сезон болды. Нәтижесінде үшінші орынға ие болдық. Негізгі мақсатымыз чемптонаттан күміс жүлде алу еді. Дегенмен бұйырғаны қола болды, оның өзі бізге алтындай көрінді. Бүгін мұнда аудан әкімі Ринат Хисаұлының шақыртуымен келіп жатырмыз. Командадағы бразилиалық ойыншылар бар, осы жергілікті мақаттың ойыншылары бар балалармен бірге алаңда жаттықтық. Ауданнан әлі талай шебер ойыншылар шығады деп ойлаймын. Өйткені біздің команда да осы жергілікті жерден шыққан Жақсылық Амандосов, Еркебұлан Бейбітұлы, Ерасыл Шарапиденов секілді ойыншылар бар. Бүгінгі жас спортшылар да ағаларының жолын қуып, мықты доп шебері болады деп сенемін»,- деді команда капитаны Талап Есениязов.

Жалпы Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі футбол үйірмесінде 100-ге жуық бала жаттығады. Үйірмеден құралған «Мақат БЖСМ» командасы бүгінде Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласында өтетін Қазақстан футзалының мақтанышы Серік Жаманқұловтың әкесі Еңбек ардагері Түгелбай Жаманқұловты еске алуға арналған республикалық турнирге аттанған болатын.

97488953-9eb0-4566-8ac8-9f7ba2e73fef

«Футболмен айналысып келе жатырғаныма төрт жыладан аса уақыт болды. Бүгінгі шеберлік сабағы ойдағыдай өтті деп айта аламын. Тәжірбиелі спортшыларды көріп, жігерленіп қалдық. «Атырау» командасынан маған 12-ші нөмерлі ойыншы Део ұнайды. Оны көргеніме, тәжірбие алмасқаныма қуаныштымын», - деді 13 жасар Әбілмансұр Жасталап.

Кездесу соңында команда мүшелері жергілікті жас спортшыларға естелікке доп тарту етіп, Аманосов пен Мадиевтың формасына қолтаңбаларын жазып қалдырды.



М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521