Үстел теннисінен үстем түскендер

(0 Votes)

Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үстел тенниссінен жаттықтырушысы Амандық Сисенов редакциямызға арнайы келіп, қуанышты жаңалығымен бөлісті. Айтуынша, жуырда ол 3 шәкіртімен Қызылорда облыстық ашық турнирінде жалпы командалық есепте чемпион болып қайтқан.

Қызылордадан бөлек басқа да көршілес өңірлердегі үстел теннис шеберлері жиналған сайыста жерлестеріміз Атырау облысының намысын қорғаған. Жекелей сында ер балалар арасында 2011-2012 жылғы ер балалар арасында Нұрпейіс Кетеш 2 орын, 2009-2010 жылғы қыздар арасында Амира Ермекқали мен 2011-2012 жылғы қыздар арасында Венера Сәтжан 1 орын иеленді. Сонымен қатар спортшыларымыз командалық ойындардан да бірінші орын алып, нәтижесінде жалпыкомандалық рейтингте жеңімпаз атанды.
Үстел теннисшілердің жетістігі Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәлім беретін Айгүл Утаров мен Амандық Сисеновтың еңбегінің арқасы екендігін айта кеткен жөн.


А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521