Әбіл – әлем чемпионы!

(0 Votes)
Әбіл – әлем чемпионы!
фото: Доссор БЖСМ

Күні кеше ғана Грекия елінің Патра қаласында муайтайдан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында жерлесіміз Әбіл Галиев өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді. 

Ауданның, облыстың ғана емес еліміздің абыройын талай байрақты бәсекеде қорғап жүрген ол 63,5 кг салмақта жекпе-жек өткізіп, әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды.

Жерлесіміз алғашқы кездесуінде-ақ, жеңіске жетіп, финалдық кездесуде Вьетнамдық қарсыласын айқын басымдылықпен тізе бүктірді. Ол жеңіс тұғырында көк туымызды желбіретіп, ел абыройын асқақтатты.

Осылайша, Әбіл Галиев Атырау облысы бойынша муайтай тарихын жаңартып, осы спорттың ең үздік “А” класында тұңғыш Әлем чемпионы атанып отыр.

Үздіксіз жаттығулар мен еңбектің арқасында жеңіске қол жеткізген ұлттық құрама қатарындағы мақтанышымыз бұл жеңісінде бапкерлері Мейрам Галиев пен Ислам Галиевтің еңбектері орасан зор екендігін айтады.

Ендеше, дүбірлі додада топ жарып жүрген саңлағымызға жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз!

Әсем ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521