Жанерке күміс жүлдегер

Жанерке күміс жүлдегер
фото: Аудандық мәдениет үйінен алынды
(0 Votes)

Аптаның сейсенбі күні республикалық чемпионаттан олжалы оралған Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысын құрметпен күтіп алу шарасы өтті. 

Талдықорған қаласында кіші жасөспірімдер арасында өткен 16 облыс бойынша 417 бала қатысқан чемпионатта «Белбеу» күресі бойынша бақ сынаған Жанерке Аманқұлқызы күміс медальды иеленіп, қанжығасын майлап қайтты.

Жеңімпазды күтіп алуға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов, Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Әмірхан Толыбайұлы, жеңімпаздың туысқандары, достары және ұстаздары қатысты.

Күтіп алу шарасында сөз алған аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исполов Нұрлан Теңелбайұлы спортшыны жеңісімен құттықтап, жаттықтырушысы Абзал Мәлікұлына шәкірт тәрбиелеудегі атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.

Шара соңында жиналған жұртшылық аудан намысын қорғап жүрген спортшыларға лайым осындай жеңісті күндер тілеп, көк байрағымыз желбірей берсін деген тілекпен тарқасты.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT