Жерлестеріміз олжалы оралды

Жерлестеріміз олжалы оралды
(0 Votes)

Республика бойынша Астана қаласында дзюдодан 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» жарысы өтіп, жерлестеріміз олжалы оралды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 500 бала қатысқан лигада бақ сынаған Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Мансур Самат алтын медальды қоржынға салып, мұнайлы мекеннің абыройын асқақтатты. Ал, Кәусәр Нұрпейіс күміс жүлдені иеленіп, үздік үштіктен көріне білді. Сондай-ақ, Мансур Абілхасан мен Төрәлі Лұқпан қола медальмен қанжығаларын майлап қайтты.

Бұл ретте спортшылардың жаттықтырушысы Абзал Капсалимов болашақта олардан зор үміт күтетіндігін айтты.

Ендеше, жас спортшыларға жеңісті күндерің көп болсын дейміз.

Б.Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT