Облыста COVID-19 вирусын жұқтырғандар 627 адамға жетті

(0 Votes)

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар  саны 627 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандардың 84-і  – Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

- Ал, тағы екі науқас – 1986, 1997 жылғы әйелдер. Олар провизорлық стационарға жұмыс бабымен жіберілген  облыстық аурухананың  санитары мен лаборанты, - дейді  штабтағылар.

Covid - ке алынған тесттен  оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаға сәйкес ем алады.

Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды.

Осылайша, Атырау облысында  қауіпті дертке шалдыққандар  саны  627 адамға жетті.  Ал,  коронавирустан айыққандар саны - 165.


Атырау облысының жедел штабы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT