Жас сайлаушылар клубының қатары жаңа мүшелермен толықты

(0 Votes)

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орай маңызды қоғамдық іс-шара өткізді. Аталған мереке аясында жастардың сайлау үдерісіне белсенді қатысуын арттыру, олардың құқықтық және саяси мәдениетін дамыту мақсатында құрылған «Жас сайлаушылар клубының» жаңа мүшелеріне салтанатты түрде қызметтік куәліктер табысталды.

Іс-шара барысында Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Артур Дәулетов жастардың азаматтық белсенділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Ол жас сайлаушылардың ел болашағын айқындаудағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, сайлау институты демократиялық қоғамның негізгі тетіктерінің бірі екенін жеткізді. Сондай-ақ клуб мүшелеріне алдағы уақытта өткізілетін ақпараттық-түсіндіру, ағартушылық және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысу, жастар арасында сайлау заңнамасын түсіндіру және сайлау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға үлес қосу қажеттігі айтылды. 

Артур Дәулетовтің айтуынша, бүгін «Жас сайлаушылар клубына» 4 жаңа мүше қабылданып, клуб құрамындағы жастар саны 9 адамға жеткен. Клуб мүшелері алдағы уақытта жастар арасында сайлаузаңдылықтарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтыарттыру және насихат жұмыстарын жүргізуменайналысатын болады.

Аталған бастама жастардың сайлау жүйесіне дегенқызығушылығын арттырып қана қоймай, олардыңжауапты, белсенді әрі саналы азамат ретіндеқалыптасуына ықпал етпек.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT