Атырауда полицейлер мен еріктілер есірткі граффитилерін жоюға белсенді атсалысуда

(0 Votes)

Бүгінде қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Атырауда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Жаңа жастар» қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесіп, есірткі құралдарын жарнамалауға бағытталған интернет-сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды жою бойынша кезекті рейд өткізді.

Рейд барысында құқық қорғау органдары мен еріктілер Авангард және Жилгородок ықшам аудандарын, сондай-ақ қаланың орталық бөлігін тексеріп, ғимараттардың қабырғалары мен қоршауларда жазылған 10 граффити жазуын өшірді. Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері қала аумағында 30-дан астам осындай заңсыз жазулар жойылған. Тәртіп сақшылары есірткі заттарын насихаттайтын немесе оларды таратуға бағытталған граффити жазуларын салу заңмен қатаң тыйым салынғанын және бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. 

Егер сіз есірткі заттарының граффити түріндегі жарнамасына куә болсаңыз, «102» нөміріне немесе 98-21-55 (Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы), 27-03-92 (Облыстық білім басқармасы) сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз. Есірткіге жол жоқ!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT