Тиісті шешімдер қабылданды

(0 Votes)

Өткен аптада болып өткен аудандық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясында Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы жөніндегі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Оңдасыновтың есебі тыңдалды.

Сессия жұмысына мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов төрағалық етіп, аудан әкімі Жұмабай Қарағаев, орынбасарлары, депутаттар, бөлім басшылары қатысып отырды.

Аталмыш сала бойынша жүзеге асқан бағдарлама назарға алынды. Директордың есебінен белгілі болғанындай, соңғы кезде қатерлі ісікке шалдығушылар саны өсіп отыр. Сондай-ақ, туберкулезге шалдығушылар саны төмендемей отыр.

Ауданның денсаулық саласына қажетті құрал-жабықтар, жалпы ерте мерзімде аурушаңдықты анықтаушы аппаратуралар да алынуда. Мұның өзі азаматтардың жалпы аурушаңдығын ажыратуда да өзіндік септігін тигізуде. Десек те, тыныс алу жолдарына қатысты ауру саны өсіп отыр.

Сессияда аудандағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифтері туралы, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық – кеңесші орган құру туралы шешімге өзгеріс енгізу, ауданның терроризмге қарсы комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT