Аудан мектептері 660 ноутбукпен толықты

(1 Vote)

Шәкірттеріміздің білім шыңын бағындырып, сапалы білім алуы үшін оқу-құралдарының сақадай сай болуы тиіс. Қазіргі карантиндік жағдай біраз оқушының оқу үлгеріміне әсер еткені жасырын емес . Осы ретте олардың алаңсыз білімін жетілдіруі үшін бұған дейін аудандық білім беру ошақтарына 200 компьютер мен 206 планшет жеткізілгенін хабардар еткен болатынбыз.

Ақжолтай ақпар мұнымен шектелмей, аудан мектептері бүгін 660 ноутбукпен толықты. "Бұның барлығы мектептерге оқушы санына сәйкестендіріліп беріледі. Алдағы уақытта тағы 365 ноутбук алдырылады",-деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Долдашев.

noutbuk

Осылайша, Б.Қанатбаев, Х.Санбаев, М.Баймұханов атындағы орта мектептеріне 100 ноутбуктен, Л.Шахатов, А.Құнанбаев, О.Сарғұнанов, С.Шарипов атындағы орта мектептеріне 65 ноутбуктен және  №2 бастауыш мектебі мен Бәйгетөбеліктерге 50 ноутбуктен үлестірілді.

noutbuk-2


А.САДЫКОВ
суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521