ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ - ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫ

(0 Votes)

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия әзірлеген Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы қабылданды. Жаңа Конституция жобасында маңызды бағыттарының бірі – цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылған болатын.

Осыған байланысты еліміздің негізгі заңында алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғауға бағытталған заң бекітіліп отыр. 

Бұл бастама жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ақпараттық кеңістікте азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Бүгінде цифрлық технологиялар мемлекеттік қызмет көрсетуден бастап, күнделікті тұрмысымыздың ажырамас бір бөлігіне айналды. Электронды құжаттар, онлайн қызметтер, цифрлық платформалар халықтың өмірін жеңілдеткенімен, жеке деректердің қауіпсіздігіне қатысты жаңа қауіпте де алып келуде.

Осы ретте азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін Конституция деңгейінде бекіту - уақыт талабы сай туындаған шешім екенін көрсетеді.

Жаңа Конституция - жаңарған Қазақстанның іргетасы. Ал цифрлық құқықтарды қорғау жөніндегі бұл норма ел болашағы үшін жасалған маңызды әрі стратегиялық шешім деп сеніммен айтуға болады.

Айбол Долдашев,

«Amanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT