Білім бөлімінде – жаңа басшы

(1 Vote)

Апта соңында аудан әкімдігінің актив жиналысында аудандық білім бөліміне басшы  болып  Долдашев Айбол Темірбайұлы тағайындалды.

Жаңа басшыны тағайындау туралы облыстық білім басқармасы басшысы Сатқан Есенғалиевтің бұйрығымен  басқарма басшысының орынбасары Айнагүл  Байғанинқызы таныстырды.

-Облыстық білім саласына жаңашыл, ізденімпаз іскер басшылар керек-ақ. Жергілікті атқару орны, жалпы халық тарапынан қолдау болса, білім саласы да жақсарып, сапа жағынан көтерілері анық. Олай болса, ортақ еліміз үшін, болашағы үшін атсалысып, білімді ұрпақ қалыптастыру жолында аянбай бірге қызмет етелік, - деді А.Байғанинқызы.

Аудан әкімі Шәкір Кейкинұлы  шілде айынан бергі уақытта бос тұрған лауазымды орынға келген жаңа басшыны бірқатар ұйымдастыру жұмыстарынан бөлек, тың серпіліс, қызу тірлік күтіп тұрғанын атап өтті. Жаңадан тағайындалған А.Темірбайұлының қызметіне сәттілік тіледі.

Долдашев Айбол Темірбайұлы 1986 жылы  Қызылқоға ауданында  дүниеге келген.

2003-2006 жылдары Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша,   

2013-2016 жылдары аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің информатика мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесін алған.

2011 жылы С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатына қызметкер.

2012-2015 жылдары информатика пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.

2015-2018 жылдары аралығында  Мақат аудандық білім беру бөлімінің жаратылыстану бағыты бойынша әдіскер қызметін атқарды.

2018 жылы С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатына директордың оқу ісі орынбасары, 2019 жылдың мамыр айынан мектеп-интернатының  директоры қызметтерін атқарып келді.

"МТ"

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521