Мектеп директоры дебат сайысында топ жарды

(1 Vote)

Көшбасшылыққа жетелейтін ізгі қасиеттердің бірі – шешендік, ділмарлық екенін ешкім жоққа шығара қоймас. Қиыннан қиыстырып, орайын келтіру, ұтымды уәжбен тыңдарманға салмақты ой тастау, бейнелі, бедерлі сөздерді келістіре айту – екінің бірінің бойынан табыла бермейтіні де шындық.

Осы айтылған санаттан табылып жүрген өз саласының көшбасшылары, қоғамның түрлі мәселелерде айтары бар, жеке ой-пікірлерімен, азаматтық ұстанымдарымен дараланып жүрген мектеп басшылары облыстық Білім беру Басқармасы және Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген 6-30 қараша аралығында дебат турнирінде бақ сынаған болатын.

sarbalin-1

Апта басы дүйсенбі күні «Білім-Инновация» лицейінде ұйымдастырылған ақтық сайыста пікірсайыс турнирінің өткен кезеңдерінде жеңімпаз атанған пікір сайысшылар қатысты.

Сөзге еркіндік берілген сайыста облыс бойынша 48 білім беру ұйымының басшысы пікірталасқа түсті. Олардың қатарында А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің директоры Руслан Сарбалин де болды. Пікірсайысшылар «Мектептің даму көрсеткіштері тұрғылықты жеріне байланысты немесе байланысты емес» тақырыбы төңірегінде пікірталас туғызды.  Дебатты облыс бойынша пікірсайыс бағдарламасының танымал үйлестіруші-координаторы Қалыбек Абитов пен пікірсайыс тренері Асланбек Рамазан жүргізді.

sarbalin-2

Жеке тұлғаның танымын кеңейтетін, қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жіте талдай алу қабілетін қалыптастыратын пікірсайыс турнирінің жақтаушы тобында пікір білдірген А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің директоры Руслан Сарбалин жеңімпаз атанды.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT