Теміржол еліміздің экономикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар және өмірлік қажетті сала. Алайда мал иелерінің теміржол қатынасы қауіпсіздігіне жіті мән бермейтіндігі себебінде қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Шындығына келгенде, бағусыз жүрген малдың пойыз қатынасына тигізетін зардабы өте зор.
Мақат және Доссор кенттері, Ескене елді мекенінің тұрғындары өздерінің игіліктеріндегі ірі қара малдарын түнгі уақытта қараусыз қалдыру салдарынан үй жануарлары теміржол бойына шығып кетіп, жүк жолаушылар пойыздарының жүруіне қауіп төндіріп, тепловоз машинистері шұғыл тежеу қолданып, белгіленбеген жерлерде тоқтауына әкеп соқтырып жүр.
Жыл басынан бері Мақат және Карабатан теміржол аралығында жүк және жолаушы пойыздарының теміржол бойына ірі қара малдардың шығуына байланысты түнгі уақытта шұғыл тежегіш қолданудың 19 фактісі тіркелді. Оның 13-і мал басу оқиғасымен аяқталды.
Жолаушы пойыздарының жолаушылары баратын жеріне қауіпсіз жетуі үшін, пойыздардың теміржолдан шығып кетпеуінің алдын-алу мақсатында аудандағы ірі қара мал иелері өздерінің үй жануарларын қараусыз қалдырмауын сұраймыз.
Ал, теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабы 1 бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Қ.Ералиев,
Мақат стансасының желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры
Сурет: ашық дереккөз