Бүгін, 12 қазан күні аудандық аурухананың әлеуметтік қызметкерлері С.Бекембаева және Н.Төленова аудандағы қарт адамдардың үйін аралап, медициналық-әлеуметтік кеңес берді.
Егде жастағы пациенттердің қан қысымын өлшеп, маңызды аурулардың алдын-алу, салауатты өмір салты қағидаларын қалыптастыру, дер кезінде профилактикалық тексеріліп, скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігін түсіндіріп хабардар етті.
Мақат аудандық аурухананың баспасөз қызметі