«АМАНАТ» партиясы аудандық филиалы Мемлекет басшысының Жолдауындағы «Бюджеттік үдерістерді оңтайландыру» тақырыбын талқылау мақсатында саяси кеңес бюросы өтті.
Кеңес отырысына «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әсел Қаржауова төрағалық етіп, аудан әкімі Ринат Ибрагимов, аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмагулов, аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Азамат Қожабайұлы, Партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Бақыткүл Әділбекқызы баяндама оқып, Жолдауға талқылау жасады.
Актив отырысын аудан әкімі Ринат Хисаұлы қорытындылап, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуге тапсырды.
Өз тілшіміз