Аптаның бейсенбі күні аудандық жастар ресурстық орталығында «Дін мен дәстүр» тақырыбында жастар арасында пікірталас отырысы өтті.
Ұлт жадынан ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртып, жас өнердерді жат ағымның жолына еріп кетпеуге тәрбиелеу мақсатында өткен іс шараға, аудандық орталық мешітінің наиб имамы Жансерік Татаев қатысып, жастарға дін мен дәстүр, тұрмыс-тіршіліктегі рухани құндылықтар, жат ағымнан сақтану, отбасылық жылулық турасында әңгіме өрбітті.
Шара соңы әлеуметтік сауалнамамен қорытындыланды.
Б.Асхатқызы