Ауданда «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» семинары басталды

Ауданда «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» семинары басталды
Сурет автордікі
(0 Votes)

 Бүгін аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» атты бес күндік біліктілік семинары басталды. 

Семинардың басты мақсаты - халықпен тиімді кері байланыс орнататын, мемлекеттік саясат пен мемлекеттік органның жұмысына қатысты ақпаратты жеткізетін салалық спикерлер пулын құру болып табылады.

Семинар басында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин сөз алып, аталмыш шараның мемлекеттік қызметкерлерге пайдалы болатындығына сенім білдірді.

«Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» тренингінде медиа тренер Салтанат Оңғар мемлекеттік қызметшілерге көпшілік алдында еркін сөйлеу техникаларын үйрену, сұхбат берудің тәсілдерін меңгеру, аудиториямен коммуникация орнату, дағдарыс жағдайында БАҚ-пен жұмыс істеу сияқты тақырыптары аясында қызу пікірталас жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Ж.ҚАМЗА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT