Кедергісіз келешек – кемел болашақ

Кедергісіз келешек – кемел болашақ
(0 Votes)

Жақында «AMANAT» партиясының “Кедергісіз келешек” жобасы аясында Доссор кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі зерделенді. 

Зерделеу жұмыстарының мақсаты – ғимараттың әлеуметтік инфрақұрылымына қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізу арқылы, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру болды.

Мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев, мониторинг топ мүшелері және аудандық «Мүгедектер» қоғамының мүшелері қатысты.

Бақылау жұмыстары барысында пандустың талапқа сәйкес болуы, тактильді таяқшалар және көзі нашар көретін жандар үшін брайль қарпі орналастырылуы, дәретхананың да мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы болуы туралы бірқатар нысан әкімшіліктеріне ескерту беріліп, ұсыныстар айтылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT