ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
(0 Votes)

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай аудандық мәдениет үйінде кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

«Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі – кітапта» атты бұл шара рухани құндылықтарды насихаттауға арналды.

Аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова шара шымылдығын ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған бастамалары аясында бұл күннің мәні мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Сөз кезегін алған ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов кітаптың адам өміріндегі рөліне тоқталып, жас буынды рухани байлыққа баулуда кітаптың атқарар рөлі зор екенін атап өтті.

Іс-шара аясында аудандық кітапханалар қорындағы құнды әдебиеттерден көрме ұйымдастырылып, келушілерге кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ, балалар кітапханасының бастамасымен «Кітап әлеміне саяхат» атты ертеңгілік өтіп, жас оқырмандар кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, өз өнерлерін көрсетті.

Мерекелік күн «Білімділер алаңы», «Библокафе», «Буккроссинг» секілді ерекше форматтағы акциялармен жалғасын тапты.

Шара соңында Р.Ғабдиев атындағы «Халықтық» ұлт-аспаптар оркестрі мен аудан көркемөнерпаздары өнер көрсетіп, күмбірлеген күйлер мен әсем әндер шырқалды.

Осылайша, Ұлттық кітап күні ауданда мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде аталып өтті.

 

Ж.Қамза

Сурет автордікі

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT